Батыстық сарапшылар Украина көп ұзамай жеңіске жетеді деп мәлімдеді

Украинада жүріп жатқан соғыс қимылдарынан күн сайын жүздеген адам жер жастануда. Ресейлік журналистер «Донбассты қорғауға арналған арнайы операция» басталғанға дейін РФ әскері Украинада қиындыққа тап болмайды деп есептеген. Кең ауқымды соғыс қимылдарының басталғанына 7 ай өткеннен кейін Батыстың барлық дерлік елдері Украинаны қолдады, пропагандисттер өз болжамына әрқашан осылай оптимисттік болған емес

Осыған қарамастан, олар Украинаның «заңсыз» билігін ауыстыру қажеттігін айтып келеді. 25 наурыздағы Ресей Федерациясының ресми деректері бойынша, соғыста 1351 ресейлік әскери қызметші қаза тапқан, жақында Шойгу алты мыңға жуық ресейлік әскери қаза тапқаны туралы мәлімдеме жасады.

Фото: УҚК Бас штабы Ресей армиясының қолбасшылығы Тула облысының колонияларда соғысқа аттанғысы келетін адамдарды іздеумен айналысып жатқанын хабарлады

Өз кезегінде украиналық тарап соғыс басталғалы бері 50 мыңнан астам ресейлік әскери қызметші жер жастанғанын жариялады. Ұзаққа созылып бара жатқан әскери қимылдар мен майдан желісі мың шақырымнан аса ұзаруы Кремльді Украина аумағындағы әскери контингент санын ұлғайтуға мәжбүрлейді.

УҚК Бас штабы Ресей армиясының қолбасшылығы Тула облысының колонияларда соғысқа аттанғысы келетін адамдарды іздеумен айналысып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, Украина тарапы РФ әскерлері басып алынған аумақтарда ер азаматтарды ерікті түрде «мобилизациялауды» жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Ресей үшін Украина Қарулы Күштері контршабуыл бастағаннан бастап жағдай өзгерді, нәтижесінде Ресей әскері Харьков облысы аумағының едәуір бөлігіне нкері шегінді», — деп жазады батыстық сарапшылар. — Харьков облысынан 1-ші гвардиялық танк армиясы құрамынан ресейлік әскерлердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Ресей күштерінің аталған бөлімшесі контршабуыл басталғанға дейін де баса-көктеп кіргенде айтарлықтай шығынға ұшыраған».

Фото: УҚК Бас штабы Ресей армиясының қолбасшылығы Тула облысының колонияларда соғысқа аттанғысы келетін адамдарды іздеумен айналысып жатқанын хабарлады

АҚШ барлау қызметі Украинаның Харьков облысындағы контршабуылы басталғаннан кейін Ресей әскерлері басып алған басқа аумақтардан да кері шегінуге мәжбүр болуы мүмкін деп санайды. Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев РФ Украинаға қарсы соғыста алға қойған мақсаттарына жетеді деп қайталай беруден жалықпаған сыңайлы. Өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей әскерлерінің Харьков облысынан кері шегінуі РФ-ның әскери стратегиясы екенін мәлімдеді.

Ресейлік ресми тұлғалардың мұндай ұстанымы бір ғана нәрсеге дәлел бола алады, Украинаға әлі де мыңдаған әскерилерді жібереді, ал бұл туралы Кремль жария етпейді. Осылайша, Украина барлау қызметінің мәліметі бойынша, ресейліктердің тағы бір ротациясы негізінен РФ мен Камчатканың Қиыр Шығыс тұрғындарынан құрылады, себебі олар ауа температурасы төмен жағдайға бейімделген, қыс маусымын оңай еңсереді.

Добавить комментарий