Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Оңтүстік елорда тұрғындарынан демалыс күндері үйлерінен шықпауды сұрайды.
Қалада дауылды ескерту жарияланды. Қатты жаңбыр, найзағай, жел соғады.
Алматы қалалық ТЖД 15 мамырда бұршақ жауатынын хабарлады. Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіше шықпауды сұрайды. Сондай-ақ, көліктерді ағаштардың астында қалдырмау керек.
Туристерден тауға шықпауды сұрайды, ол жақта ауа райы бұзылады.
112 ескертулер мен медиа, теледидар, радиохабарларын мұқият тыңдаңыздар!, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.