Алматылық полицейлер жол талғамайтын көлік ұрлаумен айналысқандарды ұстады

Оңтүстік астананың полицейлері қаланың қаланың әр жерінде қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан үш қылмыскерді ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері шаһардың маңынан бұрын ұрланған көліктерді тапты. Ұрланған көліктер заңды иелеріне қайтарылды. Тергеу жұмыстарын қаланың үш ауданының полиция қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы жүргізді.

Ведомствоның хабарлауынша, сәуір айында полицияға алматылықтардан көліктерін ұрлағаны туралы екі арыз түскен. Көліктерді жасырын ұрлау әр уақытта және қаланың әр жерінде болған. Ұрланған көліктердің барлығының маркасы мен моделі бірдей.

27-ден 33 жасқа дейінгі үш күдікті “бағдарламашының” көмегімен басқа адамдардың көліктерін оталдырған. Олар қалада жұмыс істеді және тек “Тойота” көліктерін, негізінен “Лэнд Крузер-200” модельдерін ұрлады. Олар терезені сындыру арқылы ішке кіріп, қозғалтқышты қосымша құрылғының көмегімен іске қосады, ол дабыл командаларын оқиды, сәйкесінше кілтсіз, оталдырады. Автокөліктердің барлығын “қара базарда” сату мақсатында ұрланған. «Автокөліктердің барлығын “қара базарда” сату мақсатында ұрланған. Олар бір жол талғамайтын көлікті, нөмірін алмай-ақ, былайша айтқанда, өзінің бастапқы түрінде сатып үлгерген. Айтпақшы, біздің сарбаздар сатып алушыны да анықтады, оған қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы (Біле тұра қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұрланған жол талғамайтын көліктер иелеріне бүтін күйінде қайтарылды. Ұсталған үш адамның екеуі бұрын сотталған, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Тергеу жұмыстарымен Әуезов ПБ, Жетісу ПБ және Алатау ауданы ПБ-ның тергеушілерінен құрылған тергеу тобы айналысып жатыр.

Ұсталғандар Алатау ауданындағы «Зерделі» ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ұрланған Toyota Camry 50 автокөлігін ұрлады деп күдіктелуде. Ол қылмыстық топ қатысушылары ұрлаған көліктердің арасында болды. Бұл көлік іс жүргізу тәртібі бойынша тәркіленді және шын иесіне берілді.

«Бірқатар бөтеннің көлігін ұрлаған күдіктілер ұсталды және қамауда отыр», — деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі — ұрлық, баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Добавить комментарий