Тараз: Қалалық түрме әкімшілігі қала тұрғындарын интернетсіз және байланыссыз қалдырды

Таразда түрме әкімшілігі қаланың 100 мыңнан астам тұрғынын байланыссыз және интернетсіз қалдырды.

Хабарланғандай, бұл түрме аумағында қолданылатын тұншықтыратын қондырғылардың орнатылуына байланысты.

Тұрғындар төрт тәулік байланыссыз, интернетсіз қалды. Енді наразы қала тұрғындары түзету колонияларын қала аумағынан шығаруды талап етіп отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Таразда түрмелер көп: шағын қалада бес түзету колониясы бар. Жергілікті тұрғындар осындай көршілестіктен зардап шегуде.

«Телефонмен сөйлесе алмай қалдық, балалар интернет қолдана алмай қалды. Мына жаққа бірдеме қойған дейді, біз оны түсініп жатқан жоқпыз. Көрші түрме бастығымен сөйлескен екен, «заглушка» қойдық депті. Оны қойса, өз жағына қойсын, бізде несі бар? Біз де тірлік жасауымыз керек. Балалар оқиды, интернет пайдаланады», – дейді қала тұрғыны Рыскүл Күзекбаева.

Байланыс соңғы төрт күнде мүлде үзілген. Осыған орай, бейбіт күнде түрмедегідей күй кешкен тұрғындар құқықтарының шектелгеніне наразы.

«Байланыс жоқ. Интернетте қоя салыңызшы, балаларымен хабарласа алмаймын қалдым. Елдер жедел жәрдем шақыра алмай жатыр», – дейді қала тұрғыны Еділ Рахметов.

Қаланың шамамен 100 мың тұрғынында ұялы байланыс жоқ. Белгілі болғандай, жергілікті түрмелердің бірінде қолданылатын байланысты шектейтін қондырғының қуаты мекеме аумағынан асып кетуімен байланыстырады. Түзету мекемесінің басшылығы мәселені шешуге уәде берілді.

«Арнайы мамандар келеді. Барлық ұялы байланыс мамандарымен бірлесіп, сыртқа шығып жатқан диапазондарды қысқартып, ішке қарай тартамыз. Бұлардың бәрі – заманауи аппараттар. Реттеуге келеді», – дейді Жамбыл облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары Еркін Нұрбаев.

Ол, сондай-ақ мұндай жұмыстар Қазақстанның барлық колонияларында қолданылып жатқанын айтты. Осыған орай, түрмесі көп Тараз тұрғындары түзету колонияларын қала аумағынан тыс жерге шығаруды талап етіп отыр.

Добавить комментарий