Бүгін таңертең сейсмологтар Алматыдан 599 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер асты дүмпулерін тіркеді.
Сейсмологиялық қызметтің мәліметінше, сағат 07:28-де Алматыдан оңтүстікке қарай 599 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі болды, жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.9. Магнитудасы MPV 4.5. Тереңдігі 5 шақырым.
4 қыркүйек күні сағат 07:54-те жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 601 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5. MPV магнитудасы 4.7. Эпицентр координаттары 37.82°с.е. 77.56°ш.б. Тереңдігі 5 шақырым, — делінген СТӘЭ хабарламасында.
Сезілуі туралы мәлімет жоқ.