Алматыда тасымалдаушылар қоғамдық көлікте жолақы тарифі төмен деп есептейді, бүгінде жолақы 80 және 150 теңгені құрайды.
Жаңа жылдан кейін қалалық қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов.
Алматы билігі 80 теңге тарифі төмен деп есептейді. Әкімнің айтуынша, нақты баға субсидиялар есебінен өтелетін бағадан екі есе жоғары.
«Тарифті қаншалықты өзгерте алатынымызды қарастыруымыз. Кәсіпорындардың экономикасындағы мәселе де өте өткір. Кәсіпорындар мен тасымалдаушылар бағаны көтеруге дайын, себебі бұл басты табыс көзі. Дегенмен біз халықтың төлем қабілетіне, әлеуметтік мәселеге қарап отырмыз. Бүгінде жолақыны қымбаттату мәселесі көтеріліп отыр, оның қаншаға өсетінін мен әзірге айта алмаймын», — деп атап өтті Серік Құсайынов.
Ол тарифті көтеру мәселесі бойынша міндетті түрде қоғамдық талқылау болатынын айтты.
«Тарифті көтеру қажет. Келер жылы көктемде осы мәселеге қайта ораламыз», — деді әкім орынбасары.
Келесі жылы тасымалдаушыларға қойылатын талаптар өзгереді, деп атап өтті ол. Олар талапқа сай болуы керек, себебі бүгінгі таңда қоғамдық көлікке қатысты нақты проблемалар бар. Қала басшысы орынбасарының айтуынша, күн сайын қала тұрғындарынан көптеген шағым келіп түседі.
2021 және 2022 жылдары «Алматыэлектротранс» ЖШС коммуналдық автобус паркі 300 газ автобусын сатып алуды жоспарлап отыр.
«Бұдан өзге, жеке инвестор 2022 жылы қалалық бағыттарға қызмет көрсететін 200-ге дейін газ автобусын сатып алу, көлік санын 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту, жаңа автобус паркін салу мәселесін қарастыруда. Бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде», — деп толықтырды әкімдік.
Сарапшылардың айтуынша, газ бағасының өсуін ескеретін болсақ, жергілікті биліктің бұл идеясы тарифтер құнының кезекті рет өсуіне алып келуі мүмкін.