Алматыда қыздарға шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

Алматыда жалғыз басты қыздарды тонаған қылмыскер ұсталды. Күдікті жалғыз өзі әрекет етіп, жанында ешкім болмаған сәтте шабуыл жасаған.

Күдікті — 26 жастағы А. есімді азамат кешке жалғыз жүрген қыздардың ізіне түсіп, орайы келгенде өміріне қауіп төніп тұрғанын ескертіп, олардың бағалы заттары мен зергерлік бұйымдарын тартып алып отырған. Бұл — тонаушының әдеттегі тәсілі.

Мәселен, жұмыстан қайтып келе жатқан бейтаныс қызды сырттай «шығарып салып», үйдің кіреберісіне жақындағанда қуып жетіп, арам пиғылын жүзеге асырып отырған. Ол құрбанын қорқытып, кез келген құнды дүниесін, сырға, ұялы телефон, сағат, ақша беруін талап еткен. Кейде сөмкесін алып қашып кетіп отырған.

«Қазір ол ұсталып, Алматы ПД УҰИ-не қамауға алынды. Айта кету керек, күдіктіні ұстау кезінде жанында жасыл тұтқасы бар ас үй пышағы болған. Осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жасаған және бұрын сотталғандығын ескере отырып, бұл адамның қолынан басқа әйелдер де зардап шегуі мүмкін деп ойлаймыз. Сондықтан аталған адамның заңға қайшы әрекеттерінің құрбаны болған азаматтардан бізбен мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 254-40-42; 8-707-888-11-50; 8-771-456-27-93; 8-771-288-88-14; 8-708-740-50-60 немесе 102», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Инкаров.

Добавить комментарий