Өскемендіктер қала аулаларының бірінде балалардың жануарларды қорлайтынын хабарлады. Азаптап қиналған мысықтар мен иттерді балалар ойын алаңынан табады.
Қаланың бір ауласының тұрғындары соңғы айларда мұндай оқиғаның үш рет болғанын жеткізді. Аяғы сынған соңғы мысық аман қалды. Оның өмірі үшін ветеринарлар күресуде.
«Біз осындай адамгершілікке жатпайтын фактіге ашулымыз, және жазықсыз жануарларға жасалған қатыгездікті тоқтатқымыз келеді.. Өз балаларымыз мен олардың психикасы үшін сабырлы болу керек», — дейді қала тұрғыны Мария Воробьева.
Ызаға бұлыққан тұрғындар ұжымдық арызбен полицияға жүгініп, жануарды қорлағандарды тауып алу үшін бейнебақылау камераларының жазбаларын қарауды сұрады.
Ал Алматыда еріктілер мұрны, құлағы мен аузы желімделген мысықты тапты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұны балалар жасаған.
«Ауызына лай, топырақ сияқты түсініксіз қоспалар салған. Көмейіне терең тыққаны соншама, тіпті дәрігерлер оны алуға қорықты. Біздің ауладағы балалар соншалықты қатыгез, жүрексіз болғандықтан, олардың қолынан жануарларды алуға тура келеді, біресе құйрығы кесіліп, біресе құмға тірідей көмілді», — дейді ерікті Санета Қосмынина.
Дәрігерлер екі апталық мысықтың көзін сақтай ала ма, әлі белгісіз. Жануарлар құқығын қорғаушылар полицияға арызданбақшы. Елімізде жануарларға деген қатыгездік үшін ең көп дегенде 30 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларды қорғау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.