Алматыдағы жекешелендірілген жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды

Алматыда бұрынғы қала әкімі Виктор Храпунов кезінде жекешелендірілген Райымбек 196 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимарат пен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Қаланың экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашада шығарған шешіміне сәйкес, аталған нысанды жеке меншікке шығару туралы шешімі жарамсыз деп танылды. Бұл шешім 15 ақпанда заңды күшіне енді.

Виктор Храпунов 1997-2004 жылдары Алматы қаласының әкімі болған, одан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. 2018 жылы түрлі қылмыстар, соның ішінде жымқыру, өкілеттігін асыра пайдалану және алаяқтық жасағаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.

Аталып өткендей, Храпуновтың ұлы қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы, ол да ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Добавить комментарий