Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен Дамир Давутов Ақтөбеде ұсталды.
28 ақпанда оны Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің және Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ұстады.
Алматы полициясы «Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу, күзеттен немесе қамаудан қашу» бабы бойынша тергеу жүргізуде.
Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізді. Бұзушылықтарға жол берген үшін бірқатар қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
15 ақпанда 1987 жылы туған Дамир Давутов Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кетті. Ер адам бірнеше мәрте сотталған, осы іс бойынша ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.