Түркиядан Қазақстанға шамамен 30 мың жалған доллар әкелінді

Ыстамбұлдан Қазақстанға жалған АҚШ доллары әкелінді, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

Республиканың аумағына АҚШ долларларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті.

«Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды», — делінген хабарламада.

Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600 сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді.

Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий