Президенттің Алматыдағы резиденциясының қаптамасы мен жарықтандыруын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
ҚР Президентінің Іс басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, қасбетті қайта жөндеу объектінің сыртқы көрінісін өзгертпейді.
Жұмыстар қатаң түрде тарихи нұсқадағы параметрлерге сәйкес жүргізілетін болады.
Бұл құрылыс В.И. Ленин музейі кешені ретінде кеңестік жылдары әзірленген болатын. 1986 жылы объектінің құрылыс жұмысы тоқтатылды, объектінің дайындығы сол кезде 90% құраған.
1993 жылы құрылыс жаңартылды, бірақ ғимараттың жобасы өзгертіліп, Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде салу жалғастырылды.
Астанаға көшкеннен кейін ғимарат резиденция мәртебесін сақтап қалды, 2000 жылы резиденция кешені Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіліміне енгізілген болатын. Ғимарат мемлекеттік күзетілетін объектіге жатады.