Еліміздің телеарналарының бірінің журналисі Алматы қалалық кеңесінің құрамына кірді.
Мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясында қалалық қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.
ҚК сайлауына 200-ге жуық адам қатысты. Елімізде алғаш рет қоғамдық кеңеске сайлау интерактивті түрде өткізілді.
Алматыдағы III шақырылымдағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 60%-дан астамға жаңарды. Қатысушылардың орташа жасы 47 жасқа дейін, әйелдердің үлесі 33,3%-ға дейін өсті.
«Жалпы, кеңестің негізі ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінен тұрады, олардың саны кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамын құрады, сондай-ақ білім беру саласы өкілдерінің үлесі артты. Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына көп балалы аналар мен қандастар енді», — деп хабарлады мәслихат.
Жаңартылған құрамға барлығы 39 адам енді, оның 36-сы азаматтық қоғам өкілдері. «31 арнаның» журналисі Ерқанат Көпжасар қоғамдық кеңестің мүшесі болды.