Алматыдағы Әл-Фараби және Абай даңғылдарында жол жөндеу жұмыстары басталды: Оқу жылы алдындағы жаңарту

Алматыда Әл-Фараби және Абай даңғылдарында жол орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жол жабынын жоспарлы жаңарту оқу жылы басталғанға дейін аяқталады деп жоспарлануда, бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ресми түрде жариялады.

Әл-Фараби даңғылында Асқаров көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта ұзындығы 9 шақырымнан асатын жолды уақытша ішінара уақытша шектеу отырып, орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аталған реконструкция жұмыстары аясында Әл-Фараби даңғылында орналасқан Есентай өзенінен өтетін көпірде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

«Жоба бойынша көпір реконструкциядан өтіп, екі вело-жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынады. Қазіргі таңда инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру және айналып өту жолын ашу үшін бөлу жолағында дайындық жұмыстары жүріп жатыр», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылының Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігінде де басталды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жұмыс барысында көлік қозғалысы ішінара ғана шектеледі.

«Магистралды көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланған», — деп толықтырды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әл-Фараби даңғылы бұған дейін 2010 жылы, ал Абай даңғылы 2012 жылы жөнделген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліа, нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталып, жолдың жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды.

Техникалық қорытынды негізінде аталған учаскелерді орташа жөндеу жұмысы жоспарына қосылды

Жол учаскелерiн уақытша жабу туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланатын болады.

«Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», — деп қорытындылады қалалық әкімдік.

 

Добавить комментарий