Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: Қала тұрғындарына ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына Түрксіб ауданы Ақан Сері көшесі, 36 мекенжайы бойынша № 8 қалалық клиникалық аурухананың аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтетінін хабарлады. Бұл іс-шара 20 қазан, жұма күні сағат 06:00-14:00 аралығында өтеді. Бұл туралы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Бұл жаттығудың мақсаты адам көп шоғырланған жерлерде террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда түрлі қызметтер мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу дағдыларын пысықтау. Оқытудың мақсаты террористік тұрғыдан осал болуы мүмкін объектілердегі терроризм актілерін болдырмау тетігін жетілдіруді қоса алғанда, іс-қимылдардың кең ауқымын қамтиды. Соның ішінде жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру және кепілге алынғандарды босату, сондай-ақ террористерді бейтараптандыру бойынша сценарийлер пысықталады.

Оқу-жаттығу барысында аурухана аумағында уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Іс-шараны ұйымдастырушылар азаматтарға тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ оқу-жаттығу барысында қатысқан мемлекеттік органдар қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырады.

Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын тұлғалардың заңды талаптарына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Добавить комментарий