ҚР-да 7 000 5G станциясы салынады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-45292-1672138572-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

2025 жылға дейін Қазақстанда бірнеше мың 5G станциясын салынады деп жоспарлануда.

Бұл форматты енгізу үшін өткен аптаның соңында аукционға екі жиілік диапазоны ғана бөлінді.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5G үшін радиожиілік жолақтарын беру үшін ұсынған лоттардың әрқайсысының құны аукциондар кезінде бірнеше ондаған есеге артты, деп атап өтті вице-министр Асхат Оразбек.

Мысалы, Бірінші лот 3600-3700 МГц (100 МГц) радиожиілік аралығында, екіншісі 3700-3800 МГц (100 МГц) аралығында ұсынылды, әр лоттың бастапқы бағасы 1 761 225 000 теңгені құрады

Нәтижесінде №1 лоттың бағасы 62,7 млрд теңгеге дейін өсті, ал №2 лоттың ұсынысы рекордтық 93,4 млрд теңгені құрады. Жеңімпаз «Кселл» АҚ және «Теле 2» мен «Алтел» брендтерімен танымал «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС консорциумы болды.

2022-2025 жылдары Қазақстанда «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес 5G желілерін енгізу жоспарлануда.

«5G технологиясын енгізу 1 Гбит/с дейін жоғары деректер жылдамдықпен баяу кідірістің алдын алып, пайдаланушыларға құрылғылар мен қызметтердің санын көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Технологияның бұл түрі бизнес, өнеркәсіптік автоматтандыру, пилотсыз көлік пен тағы да басқа ақылды қалалар мен сервистер үшін тиімді», — деді вице-министр Асхат Оразбек.

Айта кету керек, аукционнан алынған қаражат «Қолжетімді Интернет» жаңа ұлттық жобасы аясында телекоммуникация саласын дамытуға бағытталады. Бұл жоба 3000-ға жуық ауылды талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз етуді, республикалық және облыстық жолдар бойына оптика салуды, АДҚ (антенді-діңгектік құрылым) салуды және шалғайдағы жету қиын ауылдарға электр энергиясын жеткізуді мен т.б мақсаттарды көздейді.

Консорциумының өкілі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің бас директоры Сергей Коньков аукционмен жиіліктерді сатып алу нарықта алғашқы тәжірибе екенін атап өтті.

«Біз үшін 5G енгізу жобасы – ауқымды инвестиция мен техник мамандардың жұмыстары болып табылады. 2025 жылдың соңына дейін Kcell және Tele2 / Altel 7000-нан астам 5G базалық станциясын салуды жоспарлап отыр», — деді Сергей Коньков.

Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азия мен ТМД-да 5G технологиясын дамыту бойынша бірінші болуға барлық мүмкіндікке ие.

Добавить комментарий