Алматыда Тараздан келген гастролер пәтер ұрылары ұсталды

Алматылық жедел уәкілдер Тараздан бірқатар ұрлық жасау мақсатында оңтүстік астанаға келген бір топ пәтер ұрыларының жоспарын бұзып, оларрды құрықтады. Ұрылар қылмыс үстінде ұсталды, топ құрамында 31 жастан 37 жас аралығындағы бес ер адам бар, олардың барлығы осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған. Алматыға олар “Мерседес W140” автокөлігімен келген, жалдамалы пәтерде тұрған

«Біздің қызметкерлердің жақсы және тиімді жұмысының арқасында қаскөйлер шаһардағы “алғашқы ұрлықтан” кейін ұсталды. Олардың ұрлығының нысаны ақша, зергерлік бұйымдар, кішігірім жабдықтар болып табылады. Әдетте, ұрылардың бұл түрлері қысқа уақыт ішінде ондаған тұрғын үйді тонайды және қаладан кетеді. Сондықтан оларды гастролерлер деп атайды. Бірақ Алматыда біздің жедел уәкілдер олардың қылмыстық ниеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді», — деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Смағұлов.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі – тұрғын үйге кіріп кету арқылы жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Добавить комментарий