Такси жүргізушілері қызды зорлады деп күдікке ілінді

Екі таксист жолаушы қызды зорлады. Әйел көлікті қосымша арқылы шақырғанын айтты

БҚО-ның 26 жастағы тұрғыны қосымша арқылы шақырған келген таксиде екі ер адамның зорлағанын айтты.

«Жәбірленушінің айтуынша, ол қосымша арқылы такси шақырған, такси келгенде ішінде екі ер адам болған. Тағы бір жолаушы деп ойлап, көлікке отырған. Жол бойында жүргізуші бағытын өзгертіп, Құс фабрикасы ауданына келіп, ер адамды қызды қызды күштеп жыныстық қатынас түскен. Сонымен қатар оны тұншықтырып, оған қоқан-лоқы көрсеткен», — деп хабарлады БҚО ПД.

ҚР ҚК-нңғ 120-бабының 2-бөлігі «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары анықталды. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Геномдық сараптаманың ұзақ уақыт алатыны белгілі. Күні бүгін қорытынды алынды, дәлелдемелер жеткілікті. Соған сәйкес аталған қос тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Оқиға 8 тамызда болған.

«Сонымен қатар, бірқатар БАҚ-та күдіктілердің босатылып, іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатыр деген ақпарат таратылып жатыр, бірақ олай емес, сотқа дейінгі тергеу басталды, дәлелдеу базасын жинау жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті Белгібеков.

Добавить комментарий