Алматыда тапаншамен қорқытып, адамдарды тонаған жалған полицейлер ұсталды

Алматы қаласында өздерін полиция қызмтекеріміз деп өтіп бара жатқан адамдарды тапаншамен қорқытып тонаған екі ер адам ұсталды. Полицияның мәліметі бойынша, күдіктілер жастарды тоқтатып, жалған қызметтік куәлік көрсетіп, есірткі қылмысы жасады деген күдікпен ұсталды деп сендірген. Одан кейін олар ақша талап еткен, көнбеген жағдайда, газ тапаншасымен қорқытып, телефондары мен ақшасын тартып алған.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықталып жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды

Добавить комментарий