Алматы облысында өрт болды: 34 адам үй-күйсіз қалды

Кеше, 2021 жылғы 30 қарашада Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылында шыққан өрттің салдарынан 34 адам үй-күйсіз қалды.

Хабарланғандай, сегіз пәтерлі үй өртке оранды. Алты пәтер жанып кетті, ал қалған екеуінің шатыры жанған.

Хабарланғандай, сегіз пәтерлі үй өртке оранды. Алты пәтер жанып кетті, ал қалған екеуінің шатыры жанған.

Құрбан болғандар жоқ. Тұрғындар үйден шығып үлгерген.

Үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 17-сі балалар.

Үйдің жалпы алаңы шамамен 288 шаршы метр. Үй қамыстан салынған.

Оқиға орнына дереу Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов келді. Қазір үйі өртенгендер туыстарының үйін паналауда. Өтініш білдірген жағдайда уақытша пәтерге орналастыру мәселесі шешілетін болады.

Аудан әкімі құрылыс және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшыларына үйлерді қалпына келтіруді тапсырды.

Зардап шеккендерге мемлекет есебінен көмек көрсету мәселесі қаралуда.

Келтірілген залал сомасы есептеу басталды. Өрттің себебі анықталуда.

Добавить комментарий