Алматыда тағы жер сілкінді

Сәрсенбі, 6 наурызға қараған түні сағат 05:09-да Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісін ҚР ТЖМ «СБжЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 266 шақырым қашықтықта оңтүстік-шығысқа қарай Қытай аумағында орналасқан. Деректерге сәйкес, жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.6, ал MPV магнитудасы 5.4-ке жетті. Эпиошақ координатасы 41.22° с.е. 78.73° ш.б., ал жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, аудандарға мониторинг жүргізілді және патрульдеу бағыттарында ауыз тольырып айтарлықтай ешқандай өзгеріс байқалмады. Өңірдегі жағдай тұрақты деп бағаланып отыр, ықтимал жағымсыз салдарлар болжанбайды.

Добавить комментарий