Алматыда түнде жолаушылар автобусы өртенді

Алмтатыда өткен түнде «Жетісу» базары аумағында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат«шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-інші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді. Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда. Қалалық ТЖД көлік құралдары тез өртенетінін, небары 2-3 минут ішінде оны толық жойып жіберетінін еске салады. Сол себепті көлікте өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде жолаушылар есіктерден немесе қосалқы шығатын жерлерден дереу шығып кетуі қажет.

Добавить комментарий