Алматы: Өнеркәсіптік альпинист қаза тапты

Алматыда терезелерді жуу кезінде өнеркәсіптік альпинист қаза тапты. Оның биіктен құлағаны хабарланды.

Жазатайым жағдайы 7 сәуірде күндіз Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында орналасқан Atameken тұрғын үй кешенінде болды. Орын алған оқиға туралы аталған тұрғын үйдің тұрғындары айтып берді.

Полицияның хабарлауынша, 27 жастағы ер адам қаза тапқан.

«Биіктен құлау салдарынан 1995 жылы туған азамат қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталады. Аталған дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркелді», — деп атап өтті қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий