Алматыда самокаттың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы қаласында самокатпен жүріп келе жатқан қыз көлікке соғылып қаза тапты.

Алматы полиция департаменті жыл басынан бергі алғашқы электросамокаттың қатысуымен болған жол апаты туралы айтты. Ведомство хабарлағандай, оқиға 10 маусымда Бостандық ауданында болған.

Таңертеңгі сағат 08:00 шамасында 1995 жылы туған қыз Марков көшесінің бойымен электрсамокатпен келе жатқан. Кенеттен жолдыі бойында тұрған 1982 жылы туған әйел Nissan Patrol маркалы көліктің есігін ашқан. Самокатпен келе жатқан қыз бұрылып үлгермей, соқтығысқан. Бірнеше сағаттан кейін ол Орталық қалалық ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды.

Жыл басынан бері мегаполисте электрсамокаттардың қатысуымен болған 76 жол апаты тіркелді. Оның ішінде 81 адам зардап шекті.

 

Добавить комментарий