Алматыда «Oyan, Qazaqstan!» белсендісі ұсталды

Жексенбі, 13 желтоқсан күні «Oyan, Qazaqstan!» белсенділері өз жақтастары Нағашыбек Бекдаирдің ұсталғаны туралы хабарлады.

«Қозғалыс белсендісі Нағашыбек Бекдайырды Алматы қаласының Әуезов полиция бөлімшесіне апара жатыр. Басқа ақпарат нақтылануда. Қозғалыс жақтастарын Нағашыбекке қолдау көрсету үшін Әуезов ауданындағы ІІБ келуін сұраймыз! Мекен-жай: Өтеген батыр көшесі, 78», — делінген Facebook-тегі «Oyan, Qazaqstan!» парақшасында. Сондай-ақ, жазбаның астында #qazaqkoktemi хэштегі жазылған.

Белсенділер Нағашыбек Бекдәирді үйінен алып кеткенін хабарлады.

Түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментіне жүгінді. ПД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек «анықтайтынын» хабарлады.

Шамамен екі сағаттан кейін «Oyan, Qazaqstan!» парақшасында Нағашыбек Бекдайырдың босатылғаны туралы хабарлама шықты.

«Азаматтық киім киген бес адам оны күштеп сотқа шақыру қағазынсыз үйден алып, Алматы қаласының Әуезов полиция бөлімшесіне жеткізген. Белсендінің айтуынша, сол жерде өзінің не үшін ұсталғанын білуі тиіс болғаны айтылған. Жақтастары мен адвокат келгеннен кейін Нағашыбекке айып тағылмастан шығарылды», — деп жазды белсенділер.

Естеріңізге сала кетейік, 13 желтоқсан күні таңертең Алматыда қала әкімдігінің алдында: «Ұмытылмас 1986 2011» деген жазу пайда болды. Акция туралы Rukh2k19 тобы өзінің instagram-парақшасында жазды.

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Бұл күн Алматыдағы жаппай демонстрациялардың 34 жылдығымен сәйкес келеді, дәл осы күні қазақ жастары Кремльдегі биліктің Геннадий Колбинді советтік Қазақстанға басшы етіп тағайындауға наразылық танытқан, және Және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы оқиғаның тоғызыншы жылдығына сәйкес келеді, 2011 жылы билік мұнайшылардың ереуілін күшпен басып тастады, нәтижесінде ресми деректер бойынша 17 адам қаза тапқан.

Добавить комментарий