Алматы облысында бір келі қант 920 теңгеден сатылған

Қазақстанда қант бағасы қайта қымбаттады. Кейбір өңірлерде оның құны бір келісі үшін 920 теңгеден асып кетті.

Әкімдік кәсіпкерлердің облыстық тұрақтандыру қорынан 15 тонна қант алу туралы өтінішін жолдады.

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округіндегі дүкенде қант 920 теңгеден сатылған. Әкімдік қызметкерлері тұрғындардан түскен шағымдар бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА.

Ауылдық округтің тұрғындары әлеуметтік желіде жергілікті дүкеннің сөресіндегі қанттың бағасы жазылған суретті жариялады. Пікір қалдырған адамдар сол бағамен де қант қалмағанын — ешқай жерде жоқ деп шағымдануда.

Добавить комментарий