Алматыда көше саны артады

2021 жылы қала бюджетінен 20,6 млрд теңге жаңа жолдар мен көшелердің құрылысына бөлінді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта мына көшелерде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

Үжет шағын ауданында (Алатау ауданы), ұзындығы 11,3 км болатын 87 көше;

Шаңырақ-5 шағын ауданында (Алатау ауданы), ұзындығы 6,6 км болатын 29 көше;

Самғау шағын ауданында (Алатау ауданы), ұзындығы 4,6 км болатын 25 көше;

Қурамыс шағын ауданында (Наурызбай ауданы), ұзындығы 4,897 км болатын 27 көше;

Нұршашқан шағын ауданында (Түрксіб ауданы), ұзындығы 5,1 км болатын 25 көше

Алдыңғы үш шағын ауданда жол жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталады.

Сондай-ақ, ұзарту жұмыстары жалғасуда: Нұрлы көшесі мен Жұбанов көшесінен Райымбек даңғылына дейін (Наурызбай ауданы), Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін; Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін. Алдыңғы екі көшені ұзарту жұмыстары биыл аяқталады.

Сонымен қатар, биыл Түрксіб ауданында Алмерек (ұзындығы 14,6 км болатын 46 көше) және Қайрат (78 көше 28,9 км) шағын аудандарында жол жөндеу жұмыстары басталады.

Добавить комментарий