Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

9 сәуірде Алматыда коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері қатысатын жалпықалалық сенбілік өтеді.

Әкімдіктің мәліметінше, қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған.

Әкімдік қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындардің тізімін жариялады:

Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.

Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.

Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде.

Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.

Жетісу ауданында — Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.

Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д. сҚонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.

Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.

Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.

Жалпықалалық сенбілікті 19 наурызда өткізу жоспарланған болатын. Бірақ ауа райына байланысты ол басқа күнге ауыстырылған

Добавить комментарий