Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматыда әйелдер өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды өткізуге қолдау білдіруде. Биыл 7 наурызда Ганди атындағы саябақта «Әйелдердің лайықты өмірі үшін!» митингін өткізуге әкімдік рұқсат берді, деп хабарлайды «Власть» басылымы.
Шараны өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсетумен айналысатын Rahym әлеуметтік мекемесінің негізін қалаушы және белсенді Бибінұр Шералиева ұйымдастырады. Шералиева сондай-ақ Amanat партиясының жанында жұмыс істейтін отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің мүшесі.
Айта кетейік, бұл митинг 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат ала алмаған «Қазақстандық әйелдердің бостандығы мен қауіпсіздігі үшін» феминистік қозғалысына қатысы жоқ. Өткен айда бұл қозғалыстың ұйымдастырушылары бейбіт акцияларды өткізуге 10 рет бас тартылғанын хабарлады. Қоғамдық тәртіпті бұзу қаупіне байланысты митинг өткізуге рұқсат берілмеген.