Алматыда COVID-19 бойынша кезекті жалған ақпарат таратылуда

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада дезинфекциялау бойынша ешқандай шара жоспарланбағанын мәлімдеді. Қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысының пайда болуы туралы ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп атады.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 30 қазандағы номер 2 жаңа қаулысы әлеуметтік желілер мен месенджерлерде пайда болды.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мессенджерлерде жарияланған және таратылып жатқан БМСД-ның 30.10.2020 жылғы №2 «Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды өткізу туралы» қаулысы жалған ақпарат болып табылады. Алматы қаласы Тауарлардың және қызметтердің сапасын бақылау департаментінің соңғы Қаулысын (атауы қайта ұйымдастырылғанға дейін) Алматы қаласының Бас мемлекеттік дәрігері 26.10.2020ж, №64 «Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» шығарған болатын, — деп хабарлады ведомствода.

Добавить комментарий