Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ ДКП әріптестерімен және арнайы мақсаттағы бөлімшелер жауынгерлердің көмегімен алты адамнан тұратын қарулы тонаушылар тобын ұстау операциясын өткізді.
Толығырақ. Сауда үйлерінің біріндегі тұрақта полицейлер Lexus LX 470 және Toyota Camry маркалы автокөліктерін тоқтатқан. 6 адам ұсталды, олардың 4-і бұрын сотталған.
Олар қарақшылық шабуыл, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталған. Үлкені – 33 жаста, кішісі – 25 жаста. Біреуі – Түркістан облысынан, қалғандары – Алматы облысының тұрғындары. Айыпталушыларға және олардың көліктеріне жүргізілген жеке тінту кезінде екі “Макаров”, “Наган” және “Марголин” тапаншалары, тегіс ұңғылы екі мылтық, “Стражник” травматикалық тапаншасы және оларға арналған патрондар табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға жарамды, — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды
Тергеу барысында тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, тиесілігі, сондай-ақ, оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.