Алматы полицейлері ас үй пышағымен қаруланып, дүкенге шабуыл жасаған шетелдік азаматты ізін суытпай ұстады.
Дабыл сигналын бірінші қабылдаған «Боран — 134» экипажы қылмыс орнына жақын жерге іргелес ауданды мұқият қарап шықты.
«Аулалардың бірінде іздестірілген адамға ұқсас жас жігіт байқалды. Ол құрықталды. Күдіктіден шабуыл жасаған құрал – ас үй пышағы тәркіленді, өз қылмысын бірден мойындады. Әйел адам қорқып, барлық ақшасын берген. Ең бастысы бұл туралы полицияға дереу хабарлау керек, және жәбірленуші дәл осылай жасады. Күдікті ер адам саналы минут ішінде ұсталып, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Азғана уақыт ішінде қарақшы екі азық-түлік дүкенін тонағаны белгілі болды», — деді Алматы ПД патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.