Алматыда қалың жауған қарды тазалау жұмыстары жүргізілуде

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін батыл шаралар қабылданып, қалың жауған қарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық қызметкерлердің мәліметтеріне сәйкес, қаланы қалың қар басып қалды: қалада 10 см, қаланың жоғарғы бөлігінде 20-25 см, Шымбұлақта 40 см-ге дейін. Қалың қар жауғанына қарамастан, ТЖ алдын алу бойынша жедел шаралардың арқасында су басу тіркелген жоқ.

Көктайғақпен күресу үшін қалада 146 құм таратқыштың күшімен 1502 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілді.. Түнгі сағат 02.00-ден бастап полицияның патрульдік машиналарының жол бастап жүруімен он бағанмен бірге қар күреу жүргізілді.

Таулы аудандарда қар шығару ұйымдастырылды. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 370 м3 қар шығарылды. 30 желтоқсан сағат 08.00-ден бастап 410 бірлік және 876 жұмысшы жұмылдырылды. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалауға ерекше назар аударылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.

Добавить комментарий