Алматы облысында іске қосылатын жаңа автобус бағыттары қала шегінен 60 шақырым радиуста қатынайды.
Олар қала шегінен 50 км радиуста орналасқан Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл ауданындағы бірқатар елді мекенді қамтиды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Автобус маршруттары төменгі бағыттар бойынша жүреді:
Жетісу базары – Дәулет кенті, Алматы1 теміржол вокзалы — Туғанбай кенті, Нұра, Алматы 2 теміржол вокзалы – Тұздыбастау кентіндегі Сұлтан кешені, Райымбек батыр метро бекеті – Еламан кенті, Саяхат автовокзалы – Қарой кенті, Сәлем базары солтүстік айналма – Исаев кенті, Адем сауда үйі – Батыр кенті бағыттары бойынша жүреді. Сонымен бірге, Төле би-Яссауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыстан Қарғалы, Шамалған және Мыңбаев елдімекендері.
Жаңа маршруттар әлеуметтік маңызы бар қатынастарға және халық үшін қоғамдық көлікте жол жүрудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялауға жатады.
Биыл жаңа қалалық маршрут ашылып, №97 және №89 екі жаңа маршруттың ашылуы жоспарлануда.