Қазақстанда 2023 жылы ШЫҰ энергетикалық форумы өтеді

2023 жылғы қазанда Астанада ШЫҰ энергетикалық форумы өтеді, деп мәлімдеді энергетика министрі Болат Ақшолақов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кеңесінде.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы маусымда ШЫҰ органдарына төрағалық ету Үндістаннан Қазақстанға ауысуына байланысты форум өткізіледі. Өз кезегінде Болат Ақшолақов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бейінді министрліктеріндегі әріптестерін осы форумға қатысуға шақырды.

Бүгінгі отырыста отынның жаңа түрлерін дамыту және энергетикалық жүйелерді қайта құру мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы ынтымақтастығын жақсартуға көмектесетін «Энергетика секторындағы отынның жаңа түрлері және модельдеу жөніндегі бірлескен мәлімдеме» қамтитын құжат қабылданды.

Болат Ақшолақов Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі энергетика саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын қамтитын ШЫҰ энергетикалық стратегиясын әзірлеп жатқанын атап өтті.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің келесі отырысы 2024 жылғы маусымға жоспарланған.

Добавить комментарий