Алматыда болған жол апатынан бір адам көз жұмды. Хабарланғандай, автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан ол алған жарақатынан қайтыс болды.
Марқұм — 24 жастағы қыз.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 14 желтоқсан күні кешкісін Түрксіб ауданында жол апаты болғанын хабарлады.
«FOTON» маркалы автобусты тізгіндеген 50 жастағы жүргізуші Құлжа тасжолында оңтүстік бағытта келе жатып оңға бұрылғанда 24 жастағы қызды қағып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, қыз жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған.
Жол апаты салдарынан түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылып, салдарынан қайтыс болды.
Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.