Алматы: Жерлеу және зираттарды күтіп ұстаудың жаңа ережесі әзірленді

Алматыда жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ережесі әзірленді.

Жобада жерлеуге үшін орын бөлу тәртібі көзделеді.

Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесiн тегiн бөледi.

Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

Зираттың бос жәнебос емес учаскелері туралы ақпарат тұрақты түрде әкімдіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

Қайтыс болғандарды жерлеудің тәртібі

Жерлеу № 045/е нысаны бойынша қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу туралы медициналық куәлікті зират қорымының әкімшілігіне ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

Табылған қайтыс болғандар денелерін, суға кеткендерді, үйлерінен тыс жерлерде кенеттен қайтыс болғандарды, сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада тұрғандарды жерлеу оны ұйымдастыруды өзіне ала алатын туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған жағдайда қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

Туыссыз адамдарды адамдарды жерлеу туыссыз адамдарды жерлеуге арналған бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Мына жағдайлардан басқа жағдайда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге жол берілмейді:

зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

республиканың басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезінде.

Ереже сондай-ақ зираттарды жобалауды, орналастыруды және абаттандыруды қарастырады.

Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштері мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға жол беріледі.

Зираттарды одан әрі күтіп ұстауды жақын туыстары тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орнатуға жол берілмейді.

Добавить комментарий