Интернет желісінде Алматыда жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарады, оған қатысқандар ұсталды.
Төбелес 28 сәуір күні түн ортасында Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында болған, полицияның патрульдік экипаждары дереу әрекет етіп, төбелеске қатысушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді. Алматы ДП мәлімдеуінше, «Бұзақылық» бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар жүргізілуде.
Төбелеске қатысқандардың барлығының әрекетіне құқықтық баға беріледі және болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталады.