Алматы тауларында бір қыз жоғалып кетті: құтқарушылар оны ауыр халде жатқан жерінен тапты

Кеше Алматы тауларында жоғалып кеткен қызды іздеу-құтқару операциясы сәтті аяқталды.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«1980 жылы туған азаматша А. Камиеваның жоғалғаны туралы ақпарат 7 шілде күні сағат 09:22-де Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 112 пультіне келіп түсті. Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына 30 адам, жеті бірлік техника жұмылдырылды, олардың ішінде: республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 109 құтқару қызметі, еріктілер. Күндіз ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге күштер мен құралдар жіберілді», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Келіншекті іздеуге құтқарушылардың максималды күштер мен құралдары жіберілді: республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, екі кинологиялық есеп, 109 құтқару қызметі және 75 еріктілер.

8 шілдеде Алматы қаласы бойынша ТЖ департаментіне РЖҚЖ жасағынан Үлкен Алматы көлі маңында жоғалып кеткен Әлия Камиева табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет.

ҚР ТЖМ «ҚазАвиаҚұтқару» тікұшағын тартты», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен Алматы қаласының ЖМК шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, кеше ҮАК маңында келіншек жоғалып кеткен болатын.

Болжамды іздесу орнына жеткенде құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі Алматы Алагір асуына қарай бет алды. Екіншісі Совет шыңына қарай. Сондай-ақ, гидробекеттің үстіндегі орман тексеріледі..

Добавить комментарий