Алматы резиденциясында Қазақстан Президенті мен Ұлттық ғылым академиясы президентінің іскерлік кездесуі өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жүріновті алматылық резиденциясында қабылдады деп хабарланды.

Ғалымдар мен бизнес өкілдерінің өзара тығыз қарым-қатынасы инновацияларды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді, деп есептейді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұрат Жүрінов қазақстандық ғылымды дамыту, өндіріске отандық әзірлемелерді енгізу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің экономикалық орындылығы мәселелерін талқылады.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті Мемлекет басшысының адами капиталды, білім мен ғылымға инвестицияларды қолдауға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Жолдауын қолдады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ірі отандық өндірушілердің қызметін ғылыми сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің өзара тығыз қарым-қатынасы инновацияларды енгізуге және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді, ал ғылым жалпы ел экономикасына жұмыс істеуі тиіс», — делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий