Алматы-Петропавл бағыты бойынша тальго күнара жүреді

Қазақстанда Алматы-Петропавл бағыты бойынша пойыз бір күнара жүреді. Бұл жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланысты.

2023 жылдың 14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында №105 және № 106 «Тальго» пойыздары Алматы-2-Петропавл бағыты бойынша пойыз күнара жүретін болады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. Бұрын пойыздар күнделікті жүретін. Кестедегі өзгерістерге жөндеу жұмыстары себеп болды.

Пойыздың жүруі:

  •  Алматыдан қаңтар айында — тақ күндері, ақпан/наурыз айларында-жұп күндер бойынша;
  •  Петропавлдан қаңтар айында — жұп күндері бойынша, ақпан/наурыз айларында тақ күндері бойынша.

«Жолаушыларға тоқтатылған рейстерге бұрын ресімдеген жол жүру құжаттарының толық құнын қайтару Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий