Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық тас жолы жабылды. Республикалық тас жолға шығуға көліктің барлық түріне тыйым салынады, деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Хабарланғандай, 18 желтоқсан күні сағат 13:00-ден бастап қатты боран мен жолдың нөлдік көрінуіне байланысты Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.
«Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шығудың алдында ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз», — делінген хабарламада.
Бұған дейін 30 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық республикалық тас жолы жабылған болатын.