Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 628 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісі.
Жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 19.02-де тіркелді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 628 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.7. MPV магнитудасы — 5.4. Эпицентр координаттары 42.72°солтүстік ендік және 69.24° шығыс бойлық. Тереңдігі — 5 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Шымкент 2-3 балл», — делінген хабарламада.