Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны 7 жасар ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын айтып арызданды, деп хабарлайды Алмаьы облысының Полиция департаменті.
«Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы — 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.
«Тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді», — деп толықтырды департаменттегілер.