Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарды

2022 жылғы ақпанның 20-сынан 21-іне қараған түні полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарды

Бүгін түнгі сағат 03:08-де ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері бақылау камераларынан Атырау ықшамауданындағы көпірден әйелдің секіргелі келетінін көрді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ЖБО кезекші инспекторы Гүлмира ТАЗДАРБАЕВА сол маңда жүрген «Батыс» патрульдік маңдағы полиция экипажына шұғыл бағыттама берген. Оқиға орнына жеткен полиция аға лейтенанты Ерболат МАҒЗОМОВ пен тағы бір жас жігіт әйелді көпір жақтауынан құтқарды. Әйел қатты жылап жіберді. Ол 23 жаста болып шықты.

  • Біз көпірге тез арада жетуді ойладық. Қайғылы оқиға орын алмағанына қуандым, — дейді Е. Мағзомов.

 

Добавить комментарий