Коронавирустық инфекцияға қарсы күреске Алматы облысының дәріханалары белсенді түрде кірісуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствода хабарлағандай, дәріханалар дәрі-дәрмек қорын толықтырудан бөлек, медициналық қызмет көрсетуге лицензия алып, науқастарды қабылдау мен емдеуді бастады.
«Мысалы, осындай тәжірибені енгізудің арқасында Панфилов ауданының Жаркент қаласында аудандық аурухана мен емханаға келушілер саны азайып, вирустың таралуына жол берілмеуде. Бұдан басқа, осының арқасында орта буын медицина қызметкерлері тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Дәріхана қызметкерлері тамырына ине салып, қан қысымын өлшеп, басқа да алғашқы медициналық көмек көрсетеді», — делінген хабарламада.
Дәріханалардың бірінің меңгерушісі Захидам Умарованың айтуынша, дәріхана таңғы сағат 8-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді, бұл стационарда емделетін адамдарға өте қолайлы: «Ауру күндіз бе, түн бе, уақытқа қарамайды. Сондықтан біздің кестеміз халық үшін өте ыңғайлы. Қазір біз кішкентай балаларды қабылдап, қажетті емдеу шараларын жүргізе бастадық. Біз пандемияның бірінші толқыны кезінде сабақ алдық және қазір барлық шараларды қабылдап жатырмыз», — деп баса айтты ол.