Алматы облысы Кербұлақ ауданы Байғазы ауылында өзен суы арнасынан шықты.
Өңірдің ТЖД хабарлағандай, «Өзен арнасынан шыққан су Абай көшесімен екі бау-бақша мен тұрғын үйлердің аулалсын жартылай су басып кетті. Сағат 18:00 жағдай бойынша жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді», — деп хабарлады құтқарушылар.
Су деңгейінің көтерілу салдарынан құрбан болғандар, зардап шеккендер жоқ және ғимараттардың қирағаны анықталмады. ТЖД мәліметінше, ауылдағы жағдай тұрақты. Оқиға орнына құтқарушылар шықты.
Жаңбыр салдарынан Алматы-Өскемен тас жолының бір бөлігін су шайып кетті. ТЖ орнында жедел штаб құрылды.
«Уақытша айналма жолды салу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. Автокөліктер байқалмайды, ТЖ орнына қауіпсіздік бекеттері қойылды», — деп хабарлады ТЖД.
https://www.instagram.com/p/Cd2lxJTjBN1/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again