Алматы МКД: Такси жүргізушілер заңды түрде қалай жұмыс істеуі керек

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті брифинг өткізіп, онда такси жүргізушілері заңды түрде ж9мыс істеп, қалай қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау керек екенін айтып берді. Сарапшылар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге арналған қосымшалардың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Алматы МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басшысы Айжан Бекеева такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс екенін атап өтті. Ол түрлі қосымшалар арқылы тіркелуге болатынын айтып, салық міндеттемелері жеңілдетілгенін атап өтті.

Алматы қаласының МКД жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы Нұрлыбек Успанов такси жүргішулеріне арналған кассалық аппаратты қамтитын және салықтық міндеттерді жеңілдететін арнайы қосымшалар ыңғайлы екенін айтты.

Хабарламада айтылғандай, қолма-қол ақшасыз төлеуден бас тарту заңсыз болып табылады және такси жүргізушілері салық жүктемесін бір пайызға дейін азайтуға мүмкіндік беретін салық режимдерін қолдану керек.

Добавить комментарий