Алматы қалалық ДП басшысы Қанат Таймерденов 380 келі есірткі, оның ішінде 15 келі синтетикалық есірткі тәркіленгенін хабардар етті.
«Біз синтетикалық есірткілерді шығаратын үш есірткі зертханасын жойдық. Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық мефедрон есірткі затын дайындау және сатумен айналысқан есірткі бизнесі саласындағы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді», — деп атап өтті Алматы қаласы ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Полицейлердің мәліметінше, еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпарат бар бес мың граффити-жазбалар боялды. Есірткі сататын 450 интернет-сайт бұғатталды.
«Алматының оқу орындарында да есірткіге қарсы тақырыптар бойынша 260 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Осы жылы да бұл бағыттағы барлық іс-шаралар жалғасын табады және ерекше бақылауда болады», — деп жазады Қанат Таймерденов.