Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

СҚО-да мектептің шатыры опырылып түсті

4 апреля 08:34 / Опубликовано в Оқиғалар

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектебінің бірінің акт залының төбесі іргетастың отырып қалуы мен төбеден аққан судың кесірінен опырылып түсті.

Облыстық білім басқармасында агенттікке ақпаратты растады.

«2022 жылғы 4 сәуірде Аққайың ауданы «Токушинский мектеп-гимназиясы» КММ акт залының шатыры жартылай опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына уәкілетті органдардың басшылары аттанды. Сондай-ақ, мән-жайларды анықтау және шаралар қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ТЖ-ның алдын ала себебі — іргетастың отырып қалуы және шатырдың жаңбыр суынан бұзылуы.

Мектепте 293 оқушы білім алады. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін олар қашықтан оқитын болады. Айта кетейік, мектеп мұғалімі агенттікке былтыр мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, оның ішінде құлаған шатырды жөндегенін айтты.

«Биыл әкімдік мектепті жөндеуге қосымша қаражат бөліп, негізгі мектептің шатырын, акт залы мен интернат ғимаратының шатырын ауыстыруды жоспарлаған», — деп түсіндірді басқармадағылар.

2021 жылғы желтоқсанда Орал қаласындағы бес қабатты үйдің шатырын қатты жел ұшырып кеткен болатын.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: мектеп, опырылып түсті, СҚО, шатыр

Читать ещё

Ақтөбе облысында шахтада жарылыс болды
БҚО-да қасқырлардың малға шабуы жиілеп кетті
Ақтөбеде жол ережесін бұзған ер адам ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • eGov платформасында қазақстандықтардың жеке деректері қорғалмаған

    Қазақстан билігі eGov платформасында қазақстанд...
  • Рязань маңында ұшақ құлады

    Ашық дереккөздердің хабарлауынша, жерге құламас...
  • Ердоған Түркия президенттігіне үшінші рет түспек

    Түркия Әділет министрлігі Ердоған президенттікк...
  • Шымкентте Ресей азаматы өлі күйінде табылды

    Із-түссіз жоғалып кеткен ресейліктің мәйіті 31 ...
  • Алматыда жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды

    Жасөспірім досын аса қатыгездікпен өлтіріп, кей...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: